ҚР ДСМ өкілдерінің Ақтөбе облысына сапары

ҚР ДСМ өкілдерінің Ақтөбе облысына сапары

2023 жылғы 30-31 қазанда ҚР ДСМ өкілдері: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Н.О. Сәдуақасов және ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы М.А. Смағұлдың Ақтөбе облысына жұмыс сапары жүзеге асырылды.

Сапар барысында № 3 және 4 емханаларға, облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына барды.  Қызылша бойынша қабылданып жатқан эпидемияға қарсы шараларға және вакцинациямен және ревакцинациямен қамтуға талдау жүргізілді. 

Жұмыс сапары барысында Н.Сәдуақасовтың төрағалығымен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді, онда Ақтөбе облысының СЭБД басшысы мен басшысының орынбасарының облыстағы қызылша бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы ақпараты тыңдалды.

ҚР ДСМ өкілдері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.О. Елеусінованың төрағалығымен өткен өңірлік штаб отырысына қатысты. Штабқа аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен облыстың медициналық ұйымдарының басшылары қатысты, онда қызылшамен сырқаттанушылық және оған қарсы вакцинация бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды.  

Отырыс қорытындысы бойынша эпидемияға қарсы шараларды, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтуге және халықты иммундаумен қамтуға бағытталған іс-шаралар хаттамалық түрде айқындалды.