
Пневмококк инфекциясы – бұл Streptococcus pneumoniae бактериясынан туындаған инфекциялар, бұл бүкіл әлемде ауыр пневмонияның және пневмониядан болатын өлімнің ең көп тараған себебі, негізінен балаларды зақымдайды.
Пневмококтар көптеген жағдайлардың дамуына себеп болады: менингит (жұмсақ ми қабықшасының қабынуы), пневмония (өкпенің қабынуы), сепсис (қанның зақымдалуы), жіті орташа отит (ортаңғы құлақтың қабынуы).
Егер науқастар:
- 2 жасқа дейінгі балалар;
- шала туылған нәрестелер;
- 5 жасқа дейінгі жиі ауыратын балалар;
- созылмалы аурулары бар балалар;
- мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар болса, пневмококк инфекциясынан туындаған аурулардың даму қаупі артады.
Пневмококк ауа-тамшылы жолмен – түшкіру, жөтелу, сондай-ақ сілекей жұққан заттармен (қасықтар, шыныаяқтар, ойыншықтар және т.б.) жанасу арқылы беріледі.
Пневмококк инфекциясын қалай болдырмауға болады?
Пневмококк ауруларының көпшілігін вакцинопрофилактика арқылы алдын алуға болады. Қазақстан – посткеңестік кеңістікте 2010 жылы өзінің Ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны енгізген алғашқы ел. Профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация 2, 4 және 12-15 айда жүргізіледі.
Есіңізде болсын! Балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда. Балаңызға вакцинацияны уақтылы алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуге көмектесіңіз.