
Кеден одағының кедендік шекарасында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен белгіленген және бұл Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғаудың бөлігі және осы салада төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайту мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің маңызды шарасы болып саналады.
Көлік құралдары, сондай-ақ адамдар кеден одағының кедендік аумағына (аумағынан) келгеннен (кеткеннен) кейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында төтенше жағдайлардың туындау қаупі болған жағдайда санитариялық-карантиндік бақылаудан өту керек.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдері:
- көлік құралының ауру жұқтырған аудандары бар елдерден (елге) және химиялық, радиациялық авариялар аудандары бар елдерден (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша елдердің тізбелеріне сәйкес) келуі (кетуі);
- аумақты санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін ауруға күдікті адамдардың әуе немесе теңіз (өзен) кемесінің бортында болмауы туралы алдын ала ақпаратты белгіленген тәртіппен хабарламау;
- көлік құралында ауру жұқтырған аудандары бар елдерден халықаралық рейспен келген немесе инкубациялық кезең шегінде осындай елдерден келген адамдардың болуы;
- бұрын жүзеге асырылған санитариялық-карантиндік бақылау барысында халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтау;
- бүтіндігі бұзылған, құрамында іш-киім, киім, төсек-орын жабдықтары немесе тұрмыста пайдаланатын өзге де заттар, ыдыс-аяқ, ойыншықтар бар және жұқтырған аудандары бар елдерден немесе эпидемия аймақтарынан келген халықаралық почта жөнелтімдері;
- ауруға күдікті адамдардың көлік құралында болуы туралы ақпараттың түсуі;
- кеміргіштердің немесе олардың іздерінің көлік құралында болуы;
- ауру жұқтырған аудандары бар елдерден немесе эпидемия аймақтарынан келген көлік құралында жәндіктердің болуы;
- бақылаудағы радиациялық фоны жоғары тауарларды, көлік құралының орнын ауыстыру фактісін анықтау.
Барлық қабылданған шаралар мен белгіленген тәуекелдер кеден одағының адам денсаулығына ықтимал қауіпті өнімдерді (тауарларды) әкелуге, инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) әкелінуіне, пайда болуына және таралуына жол бермей, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде және кеден одағы ішіндегі қауіпсіздікті сақтауда шешуші рөл атқарады.