Туған кезде профилактикалық егулерді жүргізудің маңыздылығы туралы (БЦЖ, ВГВ)

Туған кезде профилактикалық егулерді жүргізудің маңыздылығы туралы (БЦЖ, ВГВ)

Туберкулез – жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде науқастан ауаға түсетін бактериялар арқылы берілетін ең көп таралған инфекция. Туберкулездің ең көп таралған орны – өкпе, ол барлық жағдайлардың 90%-да кездеседі. Сонымен қатар туберкулез басқа мүшелерге, ең алдымен сүйектерге, буындарға, теріге, бүйрекке, миға әсер етеді.   

Туберкулездің негізгі белгілері – ұзаққа созылған жөтел, жалпы әлсіздік, салмақ жоғалту, қалтырау (қызба), қатты тершеңдік. Қазіргі уақытта туберкулезді емдеу бактериялардың дәрі-дәрмектерге төзімді (резистентті) түрлерінің пайда болуымен қиындады. Мұның себебі дұрыс жүргізілмеген емдеу болды. Сондықтан туберкулезбен ауыратын науқастар нақты емдеудің толық курсынан өтуі керек, әйтпесе ауру емделмейтін түрге ауысуы мүмкін және олар туберкулездің емделмейтін түрлерін басқа адамдарға таратуы мүмкін.

Туберкулезге қарсы вакцинация баланың алғашқы туған күндерінде жасалады. Бұл егу баланы туберкулездің ауыр түрлерінен, туберкулез менингитінен және туберкулездің жалпыланған түрінен қорғауға мүмкіндік береді, оларды емдеу қиын және 100% жағдайда өліммен аяқталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинасы балаларға 1-4 күнде енгізіледі.

БЦЖ вакцинасының басты рөлі – балаларды туберкулездің қауіпті асқынулары: туберкулез менингиті және туберкулездің таралған түрлерінен қорғау, олар әрдайым дерлік жас балаларда өліммен аяқталады.

«В» гепатиті балалар үшін өте қауіпті. Кішкентай балалардағы инфекция асимптоматикалық болып табылады. Алайда, осы инфекцияны 90%-ға дейін жұқтырған балалар вирустың созылмалы тасымалдаушысына айналады және айналасындағыларға жұқтырады.

«В» вирустық гепатиті әртүрлі жолдармен: инъекциялар арқылы стерильді емес құралдармен, жыныстық жолмен, науқас адаммен ортақ тұрмыстық заттарды қолданған кезде таралады. Созылмалы «В» гепатитімен ауыратын жүкті әйелдер вирусты балаға жұқтыруы мүмкін.  

«В» вирустық гепатитінің жіті түрін емдеуге арналған дәрі-дәрмек жоқ. Тек демеуші терапия ұсынылады. Сондықтан әлемнің көптеген елдерінде вакцинация арқылы балалардың В» вирустық гепатиті сияқты қауіпті инфекцияны жұқтыруын болдырмауды жөн көреді.   

«В» вирустық гепатитіне қарсы вакцинация 1 жасқа дейінгі балалар алатын 3 екпеден тұрады. Жаңа туған нәрестелерге гепатитке қарсы вакцина перзентханада тағайындалады. Бұл балаларды вирус жұқтырудан қорғауға көмектеседі. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда вакцинация баланың өмірінің алғашқы он екі сағатында жүргізіледі. Бұл оны ауыр вирустық аурудан қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстанда тұратын балалар келесі 2 екпені туған күнінен бастап 2 және 4 айда алады.

Құрметті ата-аналар! Есіңізде болсын!

Вакцинация көмегімен көптеген жұқпалы аурулардан болатын аурулар мен өлім-жітім санын едәуір азайтуға болады.

Балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда. Балаңызға вакцинацияны уақтылы алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуге көмектесіңіз.