
Бүгін Комитетте салтанатты жиын өтіп, онда Н. Сәдуақасов барша әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы үшін еңбек еткендердің барлығына жауапты және адал жұмысы үшін алғыс айтты.
Ол комитеттің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградаларды, Министрдің Алғыс хаттарын және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің құрмет грамоталарын табыс етті.