
Құрметті достар, әріптестер!
Сіздерді Ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз үшін 25 қазан – тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Шынында да, дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл негізінен елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Декларация елдің егемендігін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, этностар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.
Құрметті әріптестер, достар, осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, Отанымыздың игілігі үшін жемісті қызмет тілеймін! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!
Ізгі тілекпен,
Комитет төрағасы Н. Сәдуақасов