Қызылорда облысы тұрғындары арасында жануарлардан жарақаттанушылар саны азайды

Қызылорда облысы тұрғындары арасында жануарлардан жарақаттанушылар саны азайды

Облыс бойынша 2020 жылдың 3 ай  қорытындысымен тұрғындар мен жануарлар арасында аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Ал  әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендер саны - 528 адам. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер санының 15%-ке төмендегенін көрсетеді (2019ж 3 айы - 621).

Есепті кезеңде Арал, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласында жарақаттанушылар саны төмендесе, Қазалы,  Жалағаш аудандарында  жоғарылап отыр.

Жарақат алғандардың 38,6% (204 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде болды. Сонымен қатар жарақаттанудың 66,2% немесе 349 жағдайы қалалық  тұрғындар үлесінде.

Жарақат алғандардың басым көпшілігі немесе 84,% иттен алған жарақаттар болса, 6,6% - мысықтан, 0,7 %-дан жылқы, қасқырдан, 3,9%-МІҚ және 3,8% басқа жануарлардан алған жарақаттар құрайды.

 Егесіз ит-мысықтарды жоюға облыс бойынша бөлінген қаражатқа 10 бригада жасақталып, барлығы 3 803 ит, 164 мысық  жойылды.

2020 жылдың басынан бастап облыс бойынша құтырма ауруына ветеринарлық зертханада 10 жануар тексеріліп, оның 5-уі «оң» нәтиже берген. Оның ішінде Қазалы ауданында 6/1, Сырдария ауданында 2/2, Жаңақорған ауданында 2/2.

 Облыс көлемінде тұрғындар арасында құтырма ауруының алдын алу мақсатында санитарлық ағарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жануар тістеп, тырнаған кезде бірден дәрігерге қаралап, ем алуға кеңес береді.