Ақтөбе облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Ақтөбе облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Ақтөбе облысының аумағында қызылшаны тіркеу ағымдағы жылдың ақпан айынан басталды және бүгінгі күні сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Ағымдағы жылдың 16 қазанына Ақтөбе облысы тұрғындарының арасында қызылша ауруының зертханалық жолмен 436 жағдайы расталды, оның ішінде Ақтөбе қаласында 367 жағдай, Ырғыз ауданында – 22, Байғанинде – 12, Алғада – 9,  Мәртөкте – 8, Мұғалжар және Шалқар аудандарында – 6, Хромтауда – 3, Ойылда – 2 және Әйтеке би ауданында – 1 жағдайдан тіркелді.

Тіркелген қызылша ауруының 80%-дан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар арасында тіркеліп отырғанын атап өту керек.

Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу барысында ошақтарда байланысқан адамдарды анықтау және иммундау жүзеге асырылады. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 930 адам иммундаудан өтуі керек болатын, оның ішінде вакцинациямен – 589 адам (63%) қамтылды, 341 адам медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша вакцинацияланбаған. Барлық байланысқан адамдар күнделікті медициналық бақылауда.

Қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді әдісі – вакцинация екенін естеріңізге саламыз!

Қызылшаның алдын алу мақсатында мыналарды ұсынамыз:

- қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаларда қызылшаға қарсы профилактикалық екпені алу;

- егер бала әр түрлі себептерге байланысты вакцинацияланбаған болса, оның адамдар көп жиналатын жерлерде болуын шектеу (түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу, сауда, ойын-сауық орталықтарында және т. б. ойын алаңдарына баруды шектеу);

- аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, яғни дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, денеде бөртпенің пайда болуы кезінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек!