Эхинококкоздың алдын алу

Эхинококкоздың алдын алу

Эхинококкоз – бауырда, өкпеде және басқа ағзада паразиттің  дернәсілдері бар кисталық түзілімдердің дамуымен сипатталатын ең ауыр паразиттік ауру. Зақымдалған ағзада бір киста немесе бірнеше дамуы мүмкін. Киста тіндерді қысып, бірнеше жыл бойы өседі.

Эхинококкоздың қоздырғышы – иттердің ішектерінде болатын ұсақ таспа құрттар, олар паразиттердің иесі болып табылады. Адам және кейбір жануарлар (қой, шошқа, сиыр) эхинококктың аралық иесі ретінде қызмет етеді.  

Эхинококкоз жылдар бойы жүруі мүмкін.

Жұқтыру жолдары: жүні нәжісімен ластанған зарарлы жануарлармен байланыс; жабайы жидектерді тұтынғанда, гельминт жұмыртқаларымен ластанған көздерден суды пайдаланған кезде, теріні төлектеу. Берілу факторлары: лас қолдар, жуылмаған көкөністер, жемістер мен көк желектер.

Ауру белгілері кистаның орналасуына байланысты көрінеді: аллергия, есекжем, ісіну, қышу (әлсіздік, дімкәстік, мезгіл-мезгіл бас ауруы). Бауырдың зақымдануы кезінде науқас жүрек айнуын, оң жақ қабырға астында ауырсынуды немесе ауырлықты сезінеді. Өкпенің эхинококкозы кеудедегі ауырсынумен, қан қақырық түсіретін жөтелмен көрінеді.

Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық жолмен жүзеге асырылады.

Алдын алу:

- тамақ ішер алдында, иттерге күтім жасағаннан кейін, жидектер мен көк желекті жинағаннан кейін, қойдың жүнімен қырқу кезінде жанасқаннан кейін, жабайы жыртқыштардың терісін алғаннан кейін қолыңызды жуыңыз;

- итке адамның бетін жалауға, төсекке секіруіне жол бермеңіз; оларды тек бөлек ыдыстардан тамақтандырыңыз;

- қаңғыбас иттер мен мысықтарды сипамаңыз;

- көк желектерді, көкөністерді, жемістер мен жидектерді мұқият жуыңыз;

- үй иттері мен мысықтарын ішекқұрттарға қарсы препараттармен емдеңіз;

- мал сою кезінде иттер мен мысықтарды қалдықтармен тамақтандырмаңыз.

Тәуекел топтары: бақташылар, қырқушылар, сою және ет комбинаттарының, жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларының, жануарлардың терісімен және жүнімен жанасатын киіз өндірістерінің қызметкерлері.

Балалар жиі ауырады, ал аурудың өзі мүгедектікке әкеледі. Өзіңізге қамқор болыңыз!