
Ұлттық сараптама орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының жоғары технологиялық зерттеулер зертханасына 2023 жылғы қыркүйекте сараптамаға 43 су сынамасы келіп түсті.
Хлорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау үшін мамандар Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Ортау, Көктем Көл мен Шет аудандары елді мекендерінің су айдындарынан 391 зерттеу жүргізді.
Барлық зерттелген сынамалар нормативтік-техникалық құжаттама нормаларына сәйкес келді, оң нәтижелер анықталған жоқ.
Зертханада хлорорганикалық қосылыстардың (ХОҚ) болуын анықтау үшін ең танымал және әмбебап әдістердің бірі – газ-сұйық хроматография қолданылады.
Су қоймалары хлорорганикалық пестицидтермен мынадай жолдармен ластанады:
Қосылыстың пішініне байланысты пестицидтер судың сапасына келесідей белгілер бере алады:
Суға түскен пестицидтер бір апта, бір ай немесе жылдар бойы қалуы мүмкін. Бұл заттар су объектілерін мекендейтін организмдерге сіңіп, соларда жиналады. ХОҚ концентрациясының артуы – су объектілерінің ластануының ең қауіпті түрлерінің бірі.