Қызылорда облысында атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг

Қызылорда облысында атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг

Ауаның ластануы адамның денсаулығына әсер ететін күрделі экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты бақылауда.

Атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар облыстың 28 нысаны бақылауда. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 27 ластаушы зат бөлінеді, оның ішінде 12-сі қауіптіліктің 1-2-сыныбына жатады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары магистральды көшелерде, қаланың қоныстану және өнеркәсіптік аймақтарында, сондай-ақ облыстың барлық дерлік аудандарында жүзеге асырылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

2023 жылдың 9 айында атмосфералық ауаның 9956 сынамасы алынды, оның ішінде 4 сынамада шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары болды.

Шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден анықталған асып кету деректері бойынша тиісті органдарға ұсынымхаттар жолданды.