Бүгін, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады.
- 2020 жылғы 13 мамырдан бастап Ақтау, Орал, Шымкент Жезказган, Балхаш, Үржар, Зайсан қалаларымен әуе қатынасы ашылады.
- 2020 жылғы 18 мамырдан бастап санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
- қонақ үйлерге;
- қоғамдық тамақтану объектілеріне (30 адамдық орынмен);
- таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына;
- 2020 жылғы 18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).
- 2020 жылғы 1 маусымнан, кезең-кезеңмен, ішкі теміржол қатынасын, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.
Сонымен қатар, шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысында Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов тарапынан бірнеше нақты тапсырмалар берілді.
