Тұмаудан қорғаудың тиімді тәсілі – вакцинация!

Тұмаудан қорғаудың тиімді тәсілі – вакцинация!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес республикада халықты тұмауға қарсы вакцинациялау эпидемияға дейінгі маусымда 25 қыркүйектен бастап жүргізіледі.

Елімізде халық үшін тұмауға қарсы вакцинаның 2.4 млн. дозасы бар.

Вакцинация тәуекелі жоғары топтар үшін (медициналық ұйымда есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары, балалар үйлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары, жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері) тегін жүргізіледі.

Жоғарыда аталған санаттарға енгізілмеген адамдар вакцинацияны ақылы негізде ала алады. Ақылы негізде вакцинация алуға болатын медициналық ұйымдардың байланыстарын денсаулық сақтау басқармаларында және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінде нақтылауға болады.

Вакцинация аурудың ауыр зардаптарының дамуына жол бермейді!