
2023 жылғы 5-6 қыркүйекте Ақмола облысының аумағында «Бактериялық ішек инфекциясы» алдын ала диагнозы қойылған 17 зардап шегушімен топтық тамақтан улану жағдайы тіркелді. Зардап шеккендердің 7-і ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық емделуде. 7 қыркүйектегі жағдай бойынша жаңа жағдайлар тіркелген жоқ.
Зардап шеккендердің барлығы «Rixos» қонақ үйінің асханасында тамақтанған «Burabay Hotel Management» ЖШС «Rixos» қонақ үйінің қызметкерлері.
5 қыркүйекте Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшесінің мамандары зертханалық зерттеулер жүргізе отырып, жоспардан тыс тексеруді бастады.
Қылмыстық кодекстің 304-бабына сәйкес жаппай тамақтан улану фактісі бойынша қылмыстық іс-әрекет белгілерін анықтау үшін ақпарат Бурабай аудандық полиция бөліміне жіберілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар мен тергеу жалғасуда.
Тамақтан уланудың профилактикасы туралы жадынама.
Халыққа:
1) мейрамханалар мен кафелерді мұқият таңдаңыз, өзіңіз барған немесе туыстарыңыз немесе достарыңыз ұсынған беделді мекемелерге барыңыз;
2) рецепі термиялық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімдерін көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан бас тартыңыз;
3) ешбір жағдайда мекемелерден әкелінген тағам қалдықтарымен үйдегі туыстарыңызға бермеңіз;
4) көшедегі стихиялық сауда орындарынан азық-түлік сатып алмаңыз.
Кәсіпкерлер:
1. Қызмет басталғанға дейін рұқсат құжатын (сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, егер объект болмашы эпидемиологиялық мәнге жататын болса, қызметтің басталуы туралы хабарлама) алуы тиіс.
2. Медициналық тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа қабылдамауға және тамақ дайындауға және оны өлшеп орауға жіберуге, қызметкерлерді уақтылы медициналық тексеруден өткізуге жол бермеуі тиіс.
3. Тиісті жағдайлар болмаған және үй-жайлардың ауданы жетіспеген жағдайда технологиялық процестің сақталуын қамтамасыз ету үшін тағамдардың ассортиментін қысқарту қажет.
4. Шикізатты сатып алу тек сенімді жеткізушілерден жүзеге асырылады.
5. Тез бұзылатын өнімге ерекше бақылау жасай отырып, өнімді сақтау, дайындау және жеткізу мерзімдері мен технологиясын қатаң сақтауы тиіс.