Ақмола облысының тұрғындары арасында сібір жарасы ауруының тіркелуі туралы

Ақмола облысының тұрғындары арасында сібір жарасы ауруының тіркелуі туралы

Ақмола облысында халық арасында сібір жарасына күдікпен 15 жағдай тіркелді: Жарқайың (13 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында.  Барлық науқастар Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында орналасқан «Үшқарасу» ЖШС қызметкерлері болып табылады.

Адамдардың сырқаттануы ауру жануарларға жанасумен, етін бөлшектеумен, оларды союға қатысумен, жоятын орынға тасымалдаумен байланысты.

2023 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша барлық науқастар «сібір жарасы» диагнозымен Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының ОАА инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды. Оның 15-сінде сібір жарасы диагнозы расталған (10 зертханалық расталған, 5 клиникалық).

Науқастар жағдайының ауырлығы – орташа дәрежелі, тиісті ем қабылдауда. 35 байланысқан адам анықталды, олар медициналық бақылауда.  

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша 21 ет сынамасының 16-сында сібір жарасының ДНҚ-сы анықталды. 

Барлық тексерілген ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылды. Штабтың шешімімен 31 тамыздан бастап Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет өртеу арқылы жойылды. Ет аймақтан тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сібір жарасы ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Халық үшін сібір жарасының алдын алу туралы жадынама.

Адамдар инфекцияны негізінен ауру жануарлармен жанасқанда, өте сирек жағдайда – ластанған топырақты ұстағанда жұқтырады. Адамнан адамға сібір жарасы ауруы берілмейді.

Инфекцияның негізгі көзі ауру ауылшаруашылық жануарлары (ірі қара, жылқы, қой, ешкі).

Сібір жарасының қоздырғышы адам ағзасына, негізінен, зақымдалған тері арқылы, сирек жағдайда – тыныс алу жолдары мен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді.

Инкубациялық кезең (инфекция жұқтыру сәтінен бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт) 2-ден 14 күнге дейін.

Алдын алу шаралары:

1. Ет және ет өнімдерін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жүзеге асырылатын рұқсат етілген сауда орындарынан (ресми базарлардан, дүкендерден, сауда орталықтарынан) ғана сатып алу; Кездейсоқ адамдардан ет және ет өнімдерін сатып алмау.

2. Тамақ пісіру кезінде шикі ет өнімдерін және пісіру кезінде ет өнімдерінің дәмін татпаңыз (мысалы, тартылған ет), ет пен ет өнімдерін мұқият қайнату және қуыру.

3. Жануарларды союды алдын-ала ветеринариялық тексеруден кейін ғана жүргізу.

4. Үй жануарларына сібір жарасына қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу. Үй жануарларына күтім жасау кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану (жануарлардың барлық түрлері ауырады);

5. Егер ауру жануарлармен байланыста болғаннан кейін (күтім жасау, сою, бөлшектеу және т.б.) жоғары температура, терінің қызаруы, жаралар пайда болса, шұғыл түрде жақын жердегі медициналық ұйымға медициналық көмекке жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеуге жол берілмейді, өйткені ол күрделі формалардың дамуына әкелуі мүмкін және өлім қаупін арттырады.