
2023 жылғы 28-29 тамызда Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, Энергетика, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, халықаралық ұйымдардың (МАГАТЭ, Норвегияның ядролық және радиациялық қауіпсіздік агенттігі (DSA), Тәжікстанның химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік агенттігі (CBRNSSA)) және мүдделі органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Н.Қисабеков және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының санитариялық дәрігері Н.Қожахметов қатысты.
Кездесу атом энергиясын, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті пайдалану саласындағы нормативтік құжаттарды реттеу және бекіту процесіне қатысатын Қазақстандағы мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты, үйлестіруді және диалогты жақсартуға арналды.
Кездесу барысында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Нормативтік құқықтық актілер және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы» тақырыбы бойынша ақпарат ұсынды.
Іс-шара нәтижелері бойынша ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласын жақсарту туралы бірқатар ұсынымдар қабылданды.