
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен мектептердің жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығын алдын ала талдау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында кейбір аумақтық департаменттердің осы мәселе бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тапсырмалар, сондай-ақ әзірлікті бағалау, білім беру объектілерінің талаптарға сәйкестігін тексерудің бекітілген кестесінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша белгіленген міндеттер берілді.