COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша төтенше жағдай тәртібінің енгізілуі мен оқушылардың қашықтықтан оқытуға көшірілуіне байланысты, компьютерлер мен гаджеттер экрандарының алдында оқушылардың өткізетін уақыт мөлшері артты, бұл оқушылар арасындағы көру қабілеті бұзылуының алдын алу мәселесінің өзектілігін арттырды. Компьютер және гаджетпен оқу кезінде оқушы ұзақ уақыт бойы экранға көзін жұмбай қарайды, яғни оның көру аппаратына ұзақ статикалық жүктеме түседі, нәтижесінде көру өткірлігінің бұзылуына, көздің құрғауына, бастың ауруына әкелуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты көру қабілеті бұзылуының алдын алу үшін бірқатар ұсыныстарды сақтаған жөн:
- Монитордың экраны көздің деңгейінен сәл төмен (15-30 градус) және қол қашықтығында болуы тиіс.
- Монитор экранынан жарықтың көзге шағылысуын болдырмау үшін монитор жарық көзіне тік бұрышта (90 градус) орналасуы тиіс. Терезенің сол жақтан орналасуы ұсынылады.
- Суреті жарқылдайтын экранмен оқушының сабақ орындауын болдырмау.
- Көзді жиі ашып, жабу (жыпылықтату).
- Медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, әрбір 20 минут сайын көзге арналған гимнастиканы жүзеге асыру:
- Көзілдірік тағатын болсаңыз, алдымен оны шешкен дұрыс.
- Әр жаттығу 5-10 рет орындалады.
- Әрбір жаттығудың соңында көзді ашып, жұму (жыпылықтату) керек.
- Кезекпен жоғары және төмен қарау.
- Кезекпен оңға және солға қарау.
- Көзді елестетілген төртбұрыштың диагональдары бойынша кезекпен қозғалтыңыз. Мысалы: жоғары-оңнан >>> төмен-солға; төмен-сол жақтан >>> жоғары-оңға; жоғары-сол жақтан >>> төмен-оңға; төмен-оңнан >>> жоғары-солға.
- Көзді кезекпен екі жаққа шеңбермен айналдырып қарау.
- Мұрынның ұшына, одан кейін терезеге, одан кейін алысқа қарап, қайтадан терезеге және мұрынның ұшына қайта қарау.
- Бірнеше секундқа көзді тас жұму және босаңсыту.
- Алақандарды бір-біріне уқалап, жылыту. Жабық көзді алақанмен жылытып, жайлап уқалау.
Аман-сау болыңыздар!