
Бүгін З. Ахметованың төрағалығымен басқармалар мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен Комитеттің жұмыс кеңесі өтті.
Отырыс барысында жұқпалы және аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есептер тыңдалды.
Бірқатар өңірлерде А гепатитіне қарсы вакцинациямен төмен қамту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, аса қауіпті аурулармен күресте мемлекеттік органдардың (ДСМ және АШМ) өзара іс-қимыл алгоритмін жақсарту жөніндегі ұсыныс қаралды.
Бұдан басқа, медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар жағдайларын тергеу туралы ақпарат қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша хаттамалық тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.