
«Таза парақтан» жаңа реттеу саясатын енгізу шеңберінде кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (Тізілім) әзірленді, ол нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардың дерекқоры болып табылады.
Тізілім:
кәсіпкерлер үшін – кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылатын талаптардың барлық жиынтығының саны, құрамы, қолданылу мерзімі және өзара байланысы туралы толық көріністі;
тұтынушылар үшін – кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын қолданыстағы талаптар туралы ақпараттың қарапайымдылығы мен қолжетімділігін;
құқық қолдану практикасының субъектілері үшін – кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды қамтитын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды орындау жөніндегі нұсқаулықтарға және заңды жауаптылыққа әкеп соғатын талаптарды қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жазбаша жауаптарына (түсіндірмелеріне) досье жариялауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Қоғамдық тамақтану» және «Денсаулық сақтау» салалары бойынша тізілімді қалыптастыру бойынша жауапты реттеуші мемлекеттік орган болып табылады.
Мәселен, «Денсаулық сақтау» тізіліміне 296 реттеу актісі, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдары (4), ҚР Үкіметінің қаулылары (5); Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдері (6), заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер (272), нормативтік-техникалық құжаттар (9) енгізілген.
«Қоғамдық тамақтану» тізіліміне 150 реттеу актісі, оның ішінде 109 ҚР заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, 23 Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілері және т. б. енгізілген.
Барлық 446 реттеуші актілер (оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы) сәйкестігі, сондай-ақ міндетті өрістерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығы және автоматтандырылған режимде ұсынылуы тұрғысынан тізілімде тексеруден өтті.
Комитет пен Министрліктің жауапты тұлғалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес реттеуші актілерге талдау жүргізудің белгіленген мерзімдерін қадағалайды. Реттеуші заңнамалық актілерге талдау жүргізу 2026 жылға, заңға тәуелді актілерге талдау жүргізу 2025 жылға көзделген.