Елордада МТК-сіз ББҚ-ның 130-ға жуық жарнама таратушылары анықталды

Елордада МТК-сіз ББҚ-ның 130-ға жуық жарнама таратушылары анықталды

Cанитариялық-эпидемиологиялық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді күнделікті бақылау арқылы мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (МТК) болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) айналымын бақылауды қамтамасыз етеді.

ББҚ мамандандырылған азық-түлік өнімдеріне жатады және дәрілік зат болып табылмайды. Азық-түлік өнімі ретінде ББҚ Еуразиялық экономикалық одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» (ЕАЭО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздіктің гигиеналық талаптарына сәйкес келуі тиіс.   

Ішкі нарықта тұтынушыға сату үшін ұсынылған барлық ББҚ-лар қауіпсіз болуы тиіс, оның дәлелі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы болып табылады.

Осыған байланысты, барлық ББҚ-ларды әкелу және өткізу Еуразиялық экономикалық одақтың Мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген МТК болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.

2023 жылдың І жартыжылдығында Астана қаласындағы интернет-дүкендерде ББҚ-ны МТК-сіз өткізген 126 жарнама таратушыны анықтады, нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 96 ұсынымхат берілді. Бүгінгі таңда ББҚ-ны МТК-сіз өткізген жарнама таратушылардың 70%-ы сайттардан жарнамаларын алып тастады.

Қазіргі уақытта жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша интернет-ресурстарда ББҚ-ны сату бойынша жарнамалар саны азайды.            Тұтынушылар денсаулықты жақсарту немесе күнделікті тағамды табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен қанықтыру мақсатында ББҚ-ларды кеңінен қолданады. Осыған байланысты тұтынушыларға ББҚ-ны сатып алғанға дейін тексеруді, яғни Кеден одағының сайтында МТК-нің Бірыңғай тізілімде тіркелуін тексеруді ұсынамыз, өйткені мемлекеттік тіркеуден өтпеген ББҚ-ны өткізу адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті!