Комитеттің жұмыс кеңесі

Комитеттің жұмыс кеңесі

Бүгін Н. Сәдуақасовтың төрағалығымен басқармалар мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен комитеттің жұмыс кеңесі өтті.

Отырыс барысында 2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы кадрлық қамтамасыз ету және кадрлық әлеуетті арттыру туралы есептер тыңдалды.

Сондай-ақ, Көліктегі, Ақмола, Түркістан облыстары және Астана қаласы департаменттерінің кадрлармен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты қаралды.

Бұдан бөлек, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары кадрларының біліктілігін арттыру мәселелері де талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша департаменттерге аумақтық СЭҚ-тің кадрлық әлеуетін жақсарту бөлігінде ұсыныстар енгізу жөнінде хаттамалық тапсырмалар берілді.