Станислав Владимирович Казаковты құттықтаймыз!

Станислав Владимирович Казаковты құттықтаймыз!

Станислав Владимирович Казаковты 30100 – «Жалпы медицина» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын (жоғары білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның 2023 жылғы 5 шілдедегі № 330 бұйрығы) алуымен құттықтаймыз.

Анықтама:

Казаков Станислав Владимирович - Қарағанды мемлекеттік медицина институтының түлегі (1984 ж.), аса қауіпті инфекциялардың эпидемиолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты. 3 монографияның, отандық және шетелдік басылымдарда 170-тен астам ғылыми жұмыстың авторы, оның 23-і халықаралық рейтингтік ғылыми базада www.researchgate.net/Dublication/ тіркелген. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.

Қазіргі уақытта С. Казаков ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «М. Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының биостатистика және цифрландыру басқармасының бастығы қызметін атқарады.