Комитеттің жұмыс кеңесі

Комитеттің жұмыс кеңесі

Бүгін Н.Сәдуақасовтың төрағалығымен ҚР ДСМ Жеке қауіпсіздік департаментінің директоры, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (ҰЭО) басшылығы, басқарма басшылары мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен Комитеттің жұмыс кеңесі өтті.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау және СЭҚ аумақтық органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 жартыжылдығында әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік қызметке көлеңке түсіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту фактілері туралы есептер тыңдалды.

Сонымен қатар, Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қ. ҰЭО филиалдарының тақырыптық тексерулерінің қорытындылары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық департаменттер мен ҰЭО-ға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы сақтау бойынша хаттамалық тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.