
Жетісу облысында 2023 жылдың 6 айында туберкулезбен сырқаттанушылық былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға төмендеді.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік санэпидқызметі жергілікті құзырлы органдармен бірлескен туберкулез сырқаттанушылығының алдын алуға бағытталған қысқа мерзімді шаралар жоспарын бекітіп, іске асыруда.
Аумақтық санэпидқызметі тиісті мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өңірдегі туберкулез ауруының эпидемиологиялық ахуалына қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде туберкулездің эпиджағдайы, атқарылып жатқан шаралар, туберкулезбен күресудегі өзекті мәселелер мен оның шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, «Туберкулезді алдын алу бойынша өзекті мәселелері» тақырыбында, «Медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау шаралары, БЦЖ екпесін жүргізу ережелері, иммунизациядан кейінгі асқыну тіркелген жағдайдағы мамандардың іс әрекеті» тақырыбында облыстық семинарлар өткізілді.
Жалпы, өңір бойынша туберкулезге қарсы күрес мақсатында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп тұрады. Халық арасында санитариялық ағарту мақсатында теледидар және радио арқылы дәрістер оқылып, туберкулездің алдын алу мақсатында жергілікті басылымдарға мақалалар жарияланды, стендтер дайындалып, санбюллетеньдер, үнпарақтар таратылды, медицина қызметкерлерімен семинарлар өткізілді.