Суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары

Суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары

Жаздың ыстық күндерінде сергітудің бір жолы – шомылу. Су – адамның жақсы досы және одақтасы, ол демалуды тиімді пайдалануға және денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Алайда, қоғамдық демалыс орындарында жұқпалы аурулардан сақ болу керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес, аурудың 85%-ы су арқылы таралады.

Сонымен, шомылу орындарында қандай ауруларды жұқтыру қаупі бар? Біріншіден, бұл әртүрлі тері аурулары, энтеровирусты инфекциялар, «А» гепатиті және басқалары.

Жазда серозды менингит ауруының маусымдық өсуі байқалады. Серозды менингит – бұл ми мен жұлынның жұмсақ қабығының қабынуы. Ашық су айдындары мен бассейндерде шомылу кезінде серозды менингитке шалдығу ықтималдығы өте жоғары.

Айта кету керек, егер сізде терінің зақымдануы болса – шомылу орындарына бармағаныңыз жөн, асқынып кетуі мүмкін. Сарапшылар, сонымен қатар, 2 жасқа дейінгі баланы бассейнге жібермеуге кеңес береді. Себебі хлорланған су баланың терісіне теріс әсер етіп, тыныс алу жолдарының қабыну ауруларын, демікпені тудыруы мүмкін.

Демалыс орындарына барған кезде келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

- санитариялық ережелердің талаптары сақталмаған жерлерде, сондай-ақ жарақат алу қаупі бар жерлерде «шомылуға тыйым салатын белгілер» болуы керек, бұл белгілерді жергілікті атқарушы органдар орнатады;

- шомылу аумағының жай-күйіне (тұрмыстық және құрылыс қалдықтарының бар-жоғына) назар аудару қажет, демалғаннан кейін қалған тұрмыстық қоқыстарды тазалауды және арнайы контейнерлерге тастауды ұмытпау керек;

- жағажайда су асты ағысы бар жерлерден аулақ болған жөн. ересектер балалардың қалтқылардан асып кетпеуін қадағалап және оларды үнемі бақылап отыруы керек;

- жәндіктердің шағуынан қорғану үшін жәндіктерді тежейтін және жоятын құралдарды (репелленттер мен инсектицидтер) қолдану ұсынылады;

- жылу соққысы мен күннен күйіп қалудың алдын алу, бас киімді пайдалану, жасына сәйкес күн қорғанысын қолдану қажет;

- шомылу және демалу үшін арнайы шомылу орындарын таңдаңыз, өйткені олардағы су мониторинг барысында бақыланады.

Осы іс-шаралардың сақталуын қадағалаңыз, ауру қаупі азайып, жаздың шуақты күндері тек жақсы әсер қалдырсын!