
Бүгінгі жағдай қолданыстағы жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіруді, жаңа құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тәсілдерді әзірлеу мен енгізуді талап етеді.
Кеше Комитет төрағасы Н. Сәдуақасовтың басшылығымен өткен кеңесте құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен сарапшылар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылаудың тиімділігіне, халықтың биологиялық және химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді орындауға ықпал ететін мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті бөлімшелерге мемлекеттік бақылау және қадағалау тетіктерін жетілдіру, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді оңтайландыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.