СҚО-дағы жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай

СҚО-дағы жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жіті ішек инфекциясы – бұл адамдар арасындағы патогендік және шартты-патогендік бактериялардан (протей, клебсиелла, клостридия және т.б.), вирустардан (рота-, астро-, Норфолк топтарының және т.б.), қарапайымдылардан (амеба, лямблия, криптоспоридия және т.б.) туындайтын инфекцияның энтеральды (фекальды ауызша) механизмі бар жұқпалы аурулардың үлкен тобы.

2023 жылдың 6 айында Солтүстік Қазақстан облысында жіті ішек инфекцияларының 151 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 48 жағдай, немесе 32%. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық өзгеріссіз қалды (2022 жылдың 6 айы – 151 жғ., оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 73 жғ., немесе 48%.).

Берілу жолдары:

- алиментарлы немесе тағамдық – бактериялар тұтынылатын тағамдар арқылы беріледі;

- су –  ластанған суды ішу;

- байланыс-тұрмыстық – микроорганизмдер асқазан-ішек жолына лас ыдыс-аяқ, жуылмаған қол, тұрмыстық заттар арқылы енеді.

Инфекция көзі – ауру адамдар мен бактерия тасымалдаушылары. Аурудың бастапқы кезеңінен бастап науқастан жұқтыру қаупі жоғары және жұқпалылық ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Келесі белгілер бар болса, дереу дәрігерге бару керек:

  • күніне 5 реттен жиі іш өту;
  • бірнеше рет құсу;
  • нәжісте қанның болуы;
  • іштің ауырсынуы;
  • айқын әлсіздік пен шөлдеу;
  • қосымша созылмалы инфекциялардың болуы;
  • дене температурасының жоғарылауы (жиі кездесетін, бірақ міндетті болу керек көрініс емес, кейбір қауіпті инфекциялар қызбасыз өтуі мүмкін).

Балалардағы жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін:

  • жеке гигиена қағидаларын қатаң сақтау, қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, әсіресе тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін;
  • қайнатылған, бөтелкедегі немесе кепілдендірілген сапалы суды қолдану;
  • көкөністерді, жемістерді, жидектерді ағынды су астында қолданар алдында мұқият жуу, ал кішкентай балалар үшін қайнатылған сумен жуу;
  • тек таза қаптаманы қолдану (полиэтилен, тамақ контейнерлері және т.б.);
  • азық-түлікті кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмау;
  • ыстық және суық тағамды дайындау кезінде гигиена қағидаларын сақтау, сақтау мерзімін және шарттарын ескеру, әсіресе тез бұзылатын тағамды, шикі тағам мен дайын тағамды бөлек сақтау;
  • өнімдерді, әсіресе ет, құс етін, жұмыртқаны және теңіз өнімдерін мұқият қуыру немесе қайнату;
  • жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннен қалған тағаммен араластырмау, бірақ егер дайын тағам басқа күнге қалса, оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу (қайнату немесе қуыру).
  • қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинамай, шыбындар мен тарақандардың пайда болуына жол бермеу;
  • үйді үнемі таза ұстау;
  • кішкентай балаға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеу;
  • тамақ дайындау үшін тек балғын өнімдерді пайдалану.

Аурудың белгілері пайда болса, өзін-өзі емдеумен айналыспай, дереу дәрігерге жүгіну қажет!