
Қызылша – қызбамен, интоксикациямен, дақты-папулярлы бөртпенің кезеңді пайда болуымен, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жіті инфекциялық вирустық ауру.
Қызылша басқа жұқпалы аурулардан жоғары жұқтыруымен, тез таралуымен және өкпенің, кеңірдектің, бронхтардың, мидың қабынуы сияқты асқынулармен қауіпті.
2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша ШҚО аумағында қызылшаның зертханалық расталған 1 жағдайы тіркелді (2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қызылшаның тіркелу жағдайлары болған жоқ). Қызылшамен ауырған – екпе алмаған 7 жастағы бала, ата-анасы екпеден бас тартқан, қызылшаның жағдайы «әкелінген» болып саналады (Ыстамбұл қ. (Түркия).
Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы ауру қоздырғышын жұқтыруға бейім болады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін!
Екпе – балаңызды қызылшадан қорғаудың ең тиімді жолы екенін ұмытпайық!