
2023-2024 оқу жылына келесі жоғары оқу орындарында «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасына 100 грант бөлінді:
Оқу мерзімі – 5 жыл (300 кредит). Білім беру бағдарламасының құрылымы бакалавриат пен интернатурадан тұрады.
Білім беру бағдарламасында эксперименттік-зерттеу жұмысы (ЭЗЖ) шеңберінде магистрлік жобаны орындау және ЭЗЖ қорытындысы бойынша магистрлік жобаны қорғау көзделген.
Интернатура және ЭЗЖ шеңберінде СЭБК аумақтық департаменттерінде, медициналық ұйымдарда, Ұлттық сараптама орталығының филиалдарында, санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету саласындағы аудиторлық ұйымдарда тағылымдамадан өту көзделеді.
«Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі беріледі, қосымшасы (транскрипт) бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом және (немесе) дипломға (Diploma Supplement (диплома саплэмент) жалпыеуропалық қосымша, сондай-ақ «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» біліктілігі берілген интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.
Бұл ретте медициналық (клиникалық) практикамен байланысты емес мамандық бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген білім алушыға қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, жоғары білім берудің оқу нәтижелерін игеру кезінде жеке оқу жоспарында көзделген қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханын (магистрлік жобаны қорғаусыз) сәтті тапсырған кезде денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша жоғарыда аталған жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиясына жүгінуге болады:
- «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ (Алматы қ., Масанчи к-сі, 38, тел.: 8 (727) 3387027, ішкі.7071, 7350);
- «Астана медицина университеті» КеАҚ (Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49а, тел.: 8 (7172) 482054, 539512, 87073358414);
- «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ (Қарағанды қ., Гоголь к-сі 40, тел.: 87028492727, 87011625119).