Батыс Қазақстан облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Батыс Қазақстан облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

2023 жылы Батыс Қазақстан облысында қызылшаның  17 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9 жағдай (53%), ересек тұрғындар арасында – 8 жағдай (47,0%).

Науқас адамдар арасында қызылшаға қарсы егудің толық курсын алғандар 17,6%  құрады, қалған 82,5%-да екпе алынбаған немесе егу туралы деректер жоқ. Ауырғандар арасында қызылшаға қарсы екпенің болмауының себептері: 29,4% – медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 11,7% – екпе алатын жасқа жетпегендіктен, 5,8% – екпеден бас тартқандар.

Қызылша – қызба, интоксикация, дақты-папулярлы бөртпе, энантема, конъюнктива және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жедел вирустық инфекциялық ауру. Бүкіл катаральды кезеңде және бөртпеге дейінгі алғашқы 4 күнде қызылшамен ауыратын науқас. Ол адамнан адамға ауа тамшыларымен жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде жұғады.

Қызылша – аса жұқпалы ауру және қызылшамен ауыратын адаммен тіпті қысқа қарым-қатынаста болған жағдайда екпе алмаған адамдардың қызылшаны жұқтыру қаупі өте жоғары.

Қызылша пневмония, бронхит, энцефалит сияқты асқынулармен қауіпті. Медициналық көмекке кеш жүгінгенде және қызылшамен қатар басқа аурулар болған жағдайда бұл асқынулар өлімге әкелуі мүмкін. Катаральды құбылыстармен (қызба, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігермен кеңесіп, оның барлық ұсынымдарын орындау керек. Қызылша ауруы бастапқы кезеңде суық тию сияқты көрінуі мүмкін, сондықтан дәрігерге уақтылы барған жөн. Жіті респираторлық аурулардың белгілері бар балаларды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке жіберу қажет емес.

Қызылшадан ең тиімді қорғану жолы – уақтылы вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцина Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілген. Балаларға қызылшаға қарсы егу 1 жаста, ал ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.

Шұғыл вакцинация егілмеген адамдарға қызылшамен ауырған науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Вакцинация үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина қызамық пен паротитке (ҚҚП) қарсы компонентпен қоса қолданылады.

Қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеруді ұсынамыз. Егер балаңыз қызылшаға қарсы егілмеген болса, екпе алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі емханаға хабарласыңыз.