
Масалар – экожүйенің ажырамас бөлігі. Олар бүкіл әлемде таралған. Масалар көбіне судың жанында жиналады. Бұл олардың сүйікті тіршілік ету ортасы. Масалар жағымсыз ызыңынан басқа, адамдарға айтарлықтай қауіп төндіреді. Олар қауіпті вирустар мен инфекциялардың әртүрлі қоздырғыштарының алғашқы тасымалдаушылары. Масалардың болмашы шағуы өте ауыр вирустық ауруларды (энцефалит, безгек, қызба) және тіпті эпидемияның таралу жолындағы алғашқы қадамды тудыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін жыл сайын Ұлытау облысы бойынша олардың көп жиналатын жерлерін: су айдындарын, сулы-батпақты жерлерді, су басқан учаскелерді кәсіби өңдеу жүргізіледі. 2023 жылдың маусым айында су айдындарының анофелогенді аймақтарын дезинсекциялық өңдеудің бірінші кезеңі өткізілді, 13,5 га өңделді. Бұл Кеңгір су қоймасы, Қостангелді кенті (Комбинатский кенті), Бекболатсай кенті (Рыбачий кенті), Сәтбаев қаласы «Айнакөл» су қоймасы. Бағалау қорытындысы бойынша өңдеудің тиімділігі 98,6%-ды құрады (тиімділігі 80%-дан төмен су айдындарын өңдеуді қанағаттанарлықсыз деп санау керек).
Су қоймаларын масалардан не үшін өңдеу қажет:
- қауіпті вирустық ауруларды жұқтыру ықтималдығын азайту: округте қан соратын жәндіктер неғұрлым аз болса, олардың шағу қаупі және жұқтыру ықтималдығы соғұрлым төмен болады;
- санитариялық-гигиеналық жағдайларды жақсарту;
- жәндіктерді жою кезінде қолданылатын препараттар мен заттар кеңістікті дезинфекциялауға да ықпал етеді, өйткені олар жерді зиянкестерден ғана емес, сонымен қатар қауіпті вирустар мен микроорганизмдерден де арылтады;
- масалардың ұзақ уақытқа айтарлықтай азаюы, себебі дезинсекция кезінде олардың үлкені ғана емес, сонымен бірге олар салған жұмыртқалар мен дернәсілдер де жойылады.