Балаларды сауықтыру ұйымдары туралы ақпарат

Балаларды сауықтыру ұйымдары туралы ақпарат

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы республика бойынша 160 балаларды сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алды, оның ішінде 157 лагерь жұмыс істейді (Абай облысы – 12, Ақмола облысы – 12, Ақтөбе облысы – 8, Алматы облысы – 14, Атырау облысы – 2, ШҚО – 12, Жамбыл облысы – 11, Жетісу облысы – 6, БҚО – 13, Қарағанды облысы – 10, Қостанай облысы – 8, Қызылорда облысы – 9, Маңғыстау облысы – 3, СҚО – 10, Түркістан облысы – 17, Павлодар облысы – 7 және Алматы қаласы – 2, Шымкент қаласы – 1).

СЭҚ алуға 4 өтініш қарастырылуда  (Ақмола облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, СҚО – 2).

9 өтінішке қатысты мынадай себептер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартылды (Ақмола облысы – 1, БҚО – 4, Түркістан облысы – 4).

1. Ақмола облысы – 1:

«Самұрық» балаларды сауықтыру орталығы, А. Абуталипов ЖК, Бурабай ауданы (медициналық кабинетте ыстық сумен жабдықтау жоқ және ағымдағы косметикалық жөндеу толық көлемде жүргізілмеген; аумақты санитариялық тазалау толық көлемде жүргізілмеген (шөп шабылмаған, құрылыс қоқысы бар); қатты мүкәммал (шкафтар) жинақталмаған, ішінара ақаулары бар, төсек жанындағы тумбалар жеткіліксіз);

2. БҚО – 4:

1) Казталов ауданының «Ақкөл» балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» МКҚК жанындағы лагерь (ғимаратты күрделі жөндеу қажет, жарық пен микроклиматты өлшеу хаттамасы жоқ);

2) Казталов ауданының «Ақпәтер» балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» МКҚК жанындағы лагерь (аумақ қоршалмаған, ғимараттың қабырғаларында жарықтар, төсек-орын жиынтығы жеткіліксіз, кір жуатын бөлмеде ағын сақталмайды);

3) Казталов ауданының «Ақкөл» лагері (төсек жинағы жетіспейді, персонал медициналық тексеруден өтпеген, қойма үй-жайларында қабырғалар ылғалға төзімді материалдарды пайдалана отырып орындалмаған);

4) «Атамекен» балаларды сауықтыру лагері» МКҚК (құжаттар пакеті толық емес – жарықтандыруды, микроклиматты өлшеу хаттамасы жоқ).

3. Түркістан облысы – 4:

1) «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» сауықтыру лагері (ғимаратты күрделі жөндеу аяқталған жоқ, тротуарларды жөндеу аяқталған жоқ);

2) «Ерке» сауықтыру лагері (жиһазды жөндеу қажет - шкафтар сынған, жатын бөлмелерде раковиналар мен дәретханалар сынған, суық және ыстық су жоқ);

3) «Машат-Арасан» сауықтыру лагері (құжаттар пакеті толық емес – зертханалық зерттеулер хаттамасының электрондық көшірмесі салынбаған);

4) «Алпамыс-М» өңірлік балалар оқу-сауықтыру орталығы (ғимаратқа күрделі жөндеу аяқталған жоқ).