Киімді киіп көру арқылы қандай тері ауруларын жұқтырып алуыңыз мүмкін?

Киімді киіп көру арқылы қандай тері ауруларын жұқтырып алуыңыз мүмкін?

Дүкеннен киім сатып алмас бұрын, балалар мен ересектер оның өлшемі мен түсіне сәйкес келмейтініне күмәнданып, оны киіп көреді. Осы ретте біз тіпті киімдерді бізге дейін ондаған, тіпті жүздеген адамдар кигенін ойға да алмаймыз.

Дүкенде киімдерді киіп көру арқылы адамдар саңырауқұлақ, дерматомикоз және қышыма ауруларын жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ бояғыштарға немесе химиялық заттарға аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін.

Алдын алу мақсатында не істеу қажет?

- дүкендерді аралап келгеннен кейін жуыну керек;

- дүкендерді аралағанда киген киіміңізді жуып алу керек;

- сатып алған жаңа киіміңізді киер алдында жуу керек.

Өзіңізге қамқор болыңыз!