
Бүгін «Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде тамақ және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық денсаулық сақтаудағы үйлестіру, бақылау және коммуникация» ұлттық тренингі басталды.
28-29 маусым аралығында республиканың санэпидқызмет мамандары үшін мынадай мәселелер бойынша ситуациялық міндеттерді шешу бойынша кабинеттік оқу жаттығулар өткізумен дәрістер оқылатын болады:
- бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде тамақтануды ұйымдастыру кезінде тамақтан уланудың алдын алу;
- тамақ және су қауіпсіздігін арттыру үшін тамақ гигиенасын оқыту;
- төтенше жағдай туындаған жағдайда ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел ден қою шарттары;
- бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде су қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі аумақтық департаменттердің міндеттері;
- қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқарудың негіздері мен қағидаттары.
Тренинг Еуропалық Одақтың Химиялық, биологиялық радиологиялық және ядролық тәуекелдерді төмендету жөніндегі озық тәжірибе орталығының «Орталық Азияда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде денсаулыққа қауіп-қатерлерге дайындық және ден қою» (PRECA) жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Тренингті Комитет ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, PRECA жобасы тобының жетекшісі Э. Прудлавтың, жоба кеңесшілері Д.Хелли мен Н. Лайдфуттың қатысуымен өткізеді.