Жетісу облысының табиғи ошақтарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары

Жетісу облысының табиғи ошақтарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары

2023 жылғы 1 маусымнан бастап Жетісу облысында кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының 2-ші туры жүргізілуде. Бүгінгі күнге кенеге қарсы өңдеу жұмыстары Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында толығымен  аяқталып, 213 га өңдеу жұмыстары жүргізілді.  

Ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты Алакөл ауданында  кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Кене энцефалиті сырқаттанушылығына эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру мақсатында апта сайын мониторинг жүргізілуде. 25-ші аптаның қорытындысы бойынша өсу қарқынымен барлығы 382 кене шағу жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 183 жағдай тіркелді. Кенеге қарсы иммуноглобулинмен 378 адам егілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда кене шағып медициналық көмекке жүгінген адам саны 1,4 есеге  төмендеген (2022 ж. – 531).  

Облыс тұрғындарынан кенелерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу туралы белгілері (жазуы бар тақтайшалар) бар аумақтарға барудан бас тартуды сұраймыз. Кенелерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы белгісі бар орындарда 45 күн бойы мал жаюға тыйым салынады. Сонымен қатар, өңдеу жүргізілген күннен бастап алғашқы 3 күн ішінде осы аумақтарға барудан, жерде жатып демалудан аулақ болыңыздар.