Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі шараларды іске асыру

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі шараларды іске асыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіру, «таза парақтан» жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру және бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде кәсіпкерлерге қойылатын негізсіз талаптарды болдырмауға арналған заңнамалық актілерге 386 түзетудің бірыңғай пулы қаралуда. Сонымен қатар, заңға тәуелді актілер шеңберінде талаптарды жою және қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Комитет «Қоғамдық тамақтану» саласы бойынша кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру жөніндегі жауапты реттеуші мемлекеттік орган болып табылады, оған кейіннен олардың тиімділігін бағалау мәніне және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына талдау жүргізу үшін 150 жалпыға қолжетімді нормативтік құқықтық актілер енгізілген.

Комитеттің жауапты тұлғалары 2026 жылы заңнамалық актілерге, 2025 жылы заңға тәуелді актілерге уақтылы талдау жүргізу үшін реттеуші актілерге талдау жүргізудің белгіленген мерзімдерін қадағалайды.

Тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып  кейіннен «Smart Data Ukimet» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесімен интеграциялай отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласын автоматтандыру бөлігінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ функционалдары басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимылды көздейтін «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.