Көміртегі тотығымен уланудың алдын алу

Көміртегі тотығымен уланудың алдын алу

Көміртегі тотығы – иісі мен дәмі жоқ улы газ. Көміртегі тотығымен тыныс алу қауіпті және өлімге әкелуі мүмкін. Көміртегі тотығымен уланудың белгілері ол әсер ете бастаған сәттен түсінікті бола бермейді, сондықтан көміртегі тотығын (СО) кейде «үнсіз өлтіруші» деп те атайды.

Көміртегі тотығымен уланудан қорғанудың ең жақсы жолы – қауіптер туралы хабардар болу, сондай-ақ көміртегі тотығын шығаратын құрылғыларды анықтау. СО-мен улану белгілерін білу маңызды.

Үйде және жұмыс орнында өзіңізді қорғау үшін төмендегі қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестерді орындаңыз:

- үйді жылыту үшін ешқашан газ плиталарын немесе пештерді пайдаланбаңыз;

- ешқашан газ плитасында үлкен өлшемді ыдыстарды қолданбаңыз, оттықтардың айналасына фольга қоймаңыз;

- ас үйдің жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз, желдеткіш саңылауларды жаппаңыз (егер сіздің үйіңізде екі қабатты әйнек болса, ауа айналымы жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз);

- газ жабдығын үйде қолданудан аулақ болыңыз (оны тек жақсы желдетілетін жерде ғана пайдаланыңыз);

- құрамында метиленхлориді бар химиялық заттарды пайдаланған кезде әрқашан қауіпсіздік бетпердесін киіңіз;

- жабық жерде көмір жағуға болмайды, мысалы, шатыр астында кәуәп жасауға болмайды;

- жұмыс істейтін газ құрылғысы бар бөлмеде ұйықтамаңыз;

- ас үйге сору желдеткішін орнатыңыз;

- үй мұржаларын тиісті күйде ұстаңыз;

- гаражда жұмыс істеп тұрған бензин машиналары мен шөп шабатын машиналарды қалдырмаңыз;

- жыл сайын сіздің автокөлігіңіздің түтін шығаратын құбырының бүтіндігін тексертіп тұрыңыз.