Прокуратура органдарының ұсынымдарында көрсетілген бұзушылықтардың түрлері талқыланды

Прокуратура органдарының ұсынымдарында көрсетілген бұзушылықтардың түрлері талқыланды

Комитетте прокуратура органдарының ұсынымдарында көрсетілген бұзушылықтардың түрлері және лауазымды тұлғаларға қатысты қабылданған тәртіптік ықпал ету шаралары бойынша семинар-кеңес өтті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.

Семинарға барлық аумақтық департаменттердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушылардың ерекше назары прокуратура органдарының ұсынымдарында көрсетілген бұзушылықтарға аударылды.

Іс-шарада заңды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікті (қылмыстық, әкімшілік тәртіптік) аша отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу институты мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралып, қажетті ұсынымдар берілді.  

Аумақтық департаменттердің басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.