
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес демалыс базалары мен орындары эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осы объектілерге рұқсат құжат –халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге объектінің сәйкестігін куәландыратын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз объектілерді пайдалануға беруге тыйым салынады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі. Заңды немесе жеке тұлға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- электрондық құжат нысанында электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті;
- зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесін жолдайды.
Ашық су қоймаларының суы адамдарға лептоспироз, вирустық гепатиттердің кейбір түрлері, ротовирустық инфекциялар, гельминтоздар сияқты ауруларды жұқтыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан гигиеналық нормативтер шеңберінде су айдындарының су сапасын зертханалық бақылау жүзеге асырылатын халықтың жаппай демалуы үшін ресми түрде белгіленген рекреациялық орындарда шомылу керек.
Сонымен қатар су айдынына шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге назар аударыңыз!
Сондай-ақ су қоймаларындағы жағажайлардың тиісті санитариялық жай-күйі ең алдымен өзімізге байланысты екенін атап өту керек.