
Бүгін Астана медицина университетінде Денсаулық сақтау министрлігі, «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ «Астана медицина университеті» КеАҚ ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел отырысында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары М. Рахымжанова мұнай-газ секторындағы медициналық қамтамасыз ету және радиациялық қауіпсіздік проблемалары ауқымды зерттеулерді, нормативтен тыс сәулелену деңгейлерін талдау мен бағалауды және халықтың тәуекел топтары арасында дозалық жүктемелердің мониторингін талап ететінін атап өтті.
Қатысушылар атап өткендей, иондаушы сәулеленудің шағын дозаларының персоналға созылмалы әсер ету жағдайында жыл сайынғы сапалы міндетті медициналық тексерулерді жүргізу арқылы аурулардың уақтылы алдын алу және ерте диагностикалау өте маңызды, олардың нәтижелері қызметкерлердің тіркелген жері бойынша аумақтық емханаларға берілуі тиіс, амбулаториялық жағдайда анықталған науқастарды тексеру мен сауықтырудағы сабақтастықты сақтай отырып, А тобының персоналының зәрінде уранның бар-жоғына зерттеу жүргізудің, олардың нәтижелерін жүйелі талдау мен мониторингілеудің өзектілігі атап өтілді.
Іс-шара барысында қатысушылар радиациялық қауіпті кәсіпорындар қызметкерлерінің және ықтимал радиациялық әсер ету аймағында тұратын халықтың денсаулық жағдайына бағалау, мониторинг және радиациялық-эпидемиологиялық ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады.
Іс-шара соңында өндірістік қызмет процесінде иондаушы сәулеленудің шағын дозаларының созылмалы әсері жағдайында мұнай-газ өндіру өнеркәсібі қызметкерлерінің радиациялық тәуекелін және соматикалық аурушаңдығын одан әрі төмендету үшін бірлескен шаралар қабылдау жөнінде қарар қабылданды.