«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» және «Нитраттарсыз көкөністер мен жемістерді таңдаймыз» акцияларының қорытындылары

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» және «Нитраттарсыз көкөністер мен жемістерді таңдаймыз» акцияларының қорытындылары

2023 жылғы 1-10 маусымда Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарымен бірлесіп, халықты ақпараттандыру және тұтыну сауаттылығын арттыру мақсатында сауда объектілерінің аумақтарында «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі», «Нитраттарсыз көкөністер мен жемістерді таңдаймыз» акцияларын өткізді.

Мәселен, ағымдағы кезеңде жеміс-көкөніс өнімдерінің 6436 сынамасы (көкөністер – 4477/98; жемістер – 1801/51; бақша өнімдері – 158/20) қамтылды, олардың ішінде 169 (2,6%) нитрат мөлшері бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сай келмеді.

Сәйкес келмейтін 20 бақша дақылының ішінен отандық өндіріске – 6 сынама, ЕАЭО-ға – 1 сынама, басқа елдерге – 13 сынама тиесілі.

Жалпы саннан сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің пайызы: отандық өндіріс 43,7%, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірісі 1,2% және үшінші елдер өндірісі 55,1%-ды құрады.

Сәйкес келмейтін өнім туралы ақпарат шаралар қабылдау үшін барлық сатушылардың назарына жеткізілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.