
Бүгін Н. Сәдуақасовтың төрағалығымен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (ҰСО) басшылығының, басқармалар мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен Комитеттің жұмыс кеңесі өтті.
Отырыс барысында аумақтық департаменттердің 2022 жылғы ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша аудиторлық қорытындыға сәйкес бұзушылықтарды жою туралы есептері тыңдалды, осыған байланысты бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тарту мәселелері де қаралды.
Бұдан басқа, өткен жылдардағы кредиторлық берешекті өтеу, сондай-ақ 2023 жылғы 5 айдағы бюджетті игеру, ҰСО-ның күрделі шығыстарына бөлінген қаражаттың уақтылы орындалуы және ағымдағы кезеңдегі мемлекеттік тапсырыстың орындалуы бойынша ақпарат тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық департаменттер мен ҰСО-ға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы сақтау бойынша хаттамалық тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.