Қарағанды облысы республиканың ең ірі өнеркәсіптік облыстарының бірі болып табылады.
Қарағанды облысының қоршаған ортасын негізгі ластаушылар – металлургия кешенінің кәсіпорындары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары, шахталар, құрылыс материалдарын, жылу энергиясын өндіру кәсіпорындары болып табылады. Қоршаған ортаға техногендік тұрғыда әсер ете отырып, облыстың өнеркәсіптік әлеуеті өсуде, бұл өз кезегінде халықтың денсаулық жағдайына және белгілі бір аурулардың даму ықтималдығына әсер етеді.
Адамға және қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау барысында атмосфералық ауаның ластаушы заттары туралы деректерді жинау жүргізіледі.
2023 жылдың 5 айында облыс бойынша атмосфералық ауаның 11 345 сынамасы зерттелді, оның ішінде 141 сынама ШРК-дан асып түсті, бұл 1,2%-ды құрайды.
Атмосфералық ауаның ингредиенттері бойынша ШРК-дан жоғары мөлшерді күйе, өлшемді заттар (шаң), азот диоксиді, көміртегі тотығы және аммиак құрайды.
Атмосфералық ауаның жай-күйінен алынған мәліметтер себеп-салдарлық байланыстарды және болжамды қауіп факторларын анықтау үшін пайдаланылады. Корреляциялық өзара байланыстарды талдаулар жағдайды жақсартуға арналған әрі қарайғы басқарушылық шешімдерді әзірлеу үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданады.
Экология өмір сапасы мен денсаулықтың жай-күйін алдын-ала айқындайтындықтан, мәселені биліктің өзара іс-қимылы деңгейінде сапалы және жан-жақты шешу қажет. Облыс тұрғындарының қоршаған ортаға ұқыпты қарауы өте маңызды, өйткені атмосфераны қорғау – қазіргі заманның маңызды міндеті.