
Жаз мезгілінде инфекцияның пайда болуының ең қауіпті өнімдерінің бірі – майонез қосылған салаттар. Салат ауруға шалдықтыратын микроорганизмдердің көбеюі үшін өте қолайлы орта болып табылады, өйткені біз оны термиялық өңдемейміз және барлық компоненттер мұқият ұнтақталады. Технологиясы бұзылған немесе бүлінген түрде дайындалған бұл тағамды тұтынған кезде адам сальмонеллез, кампилобактериоз, иерсиниоз, дизентерия, норовирустық және ротавирустық инфекциялар, А вирустық гепатиті және басқа ауруларды жұқтыруы мүмкін.
Жаз мезгілінде салаттан улану – уланудың ең көп таралған түрлерінің бірі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы санитариялық нормаларға сәйкес майонез және тұздықтар құйылған шикі көкөністерден (оның ішінде консервіленген көкөністер, жұмыртқалар қосылған) жасалған салаттарды тоңазытқышта тек 6 сағаттан аспайтын уақыт сақтауға болады.
Алайда, күнделікті өмірде үй шаруасындағы әйелдер көбінесе артығымен тағам дайындауға тырысады. Салаттар тез бүлінетін өнімдерге жататынын және оларды тоңазытқышта ұзақ уақыт сақтауға болмайтынын есте ұстаған жөн. Майонез немесе қаймақ қосылған салатты сақтау мерзімі тек ингредиенттерге ғана емес, сонымен қатар тұздықтың түріне де байланысты. Әдетте, ең көп таралған тұздықтар: майонез, қаймақ, өсімдік майы, түрлі тұздықтар.
Ең аз мерзімді тұздық – бұл қаймақ, бөлме температурасында ол 30 минуттан кейін қышқылдана бастайды, ал тоңазытқышта ол 60 минуттан аспайды. Тазартылмаған өсімдік майы мен тұздықтар да тұздық ретінде қолданылған кезде ұзақ сақталмайды. Олар үстелдің үстінде 30-60 минут тұрса бүліне бастайды, ал тоңазытқышта сақтау мерзімі сәл ұзақ болады.
Егер тұздық қосылған салаттың сақтау мерзім сақталсын десеңіз, оны алюминий ыдысқа салмаған жөн. Алюминий өнімдермен әрекеттеседі және олардың бүлінуін тездетеді. Шыны немесе пластикалық ыдыстарды қолданған дұрыс.
Жаз – бұл сейіл, кәуап және табиғатқа әртүрлі сапарға шығулар мезгілі. Сондықтан майонез, қаймақ немесе өсімдік майы қосылған салаттарды табиғатқа алмауға кеңес береміз, өйткені бұл компоненттер жылы ауа мен күннің әсерінен бірден бүлінеді.
Көкөніс салаттары – пикникке арналған ең тиімді тағам. Қызылша, қызанақ, қияр, шалғам, пияз немесе салат жапырақтары – бұл ингредиенттердің барлығы бірнеше сағат бойы ашық ауада бүлінбейді.
Жаз мезгілінде жағымсыз жағдайларды болдырмас үшін, үстелге қояр алдында зәйтүн майын, оған аздап лимон шырынын немесе бальзам сіркесуын салаттарға қосуға кеңес береміз, өйткені зәйтүн майында табиғи өнімдер бар және зәйтүн майының құрамына бактерияға қарсы белсенділігі бар құнды биохимиялық қосылыстар кіреді.
Өздеріңізге қамқор болыңыздар және дендеріңіз сау болсын!