
Мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті профилактикалық іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ сүт өнімдерінің қауіпсіздігі техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.
Мысалы, сүт өнімдерінің іріктелген үлгілері Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің зертханаларында сараптамадан өтеді. Сүт пен құрамында сүт бар өнімнің 30 үлгісі сараптамадан өтті. Бұзушылықтар 6 жағдайда анықталды. Оның ішінде мына өңірлерде сынамаларды іріктеу жүзеге асырылды: Атырау облысында – 11 үлгі (1 сәйкес емес); Ақтөбе облысында – 5 (5 сәйкес емес); БҚО – 4; СҚО – 4, Ақмола облысында – 4, Астана қаласында – 1 және Қостанай облысында – 1.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша май-қышқыл құрамы бойынша сүт өнімдері сынамаларының сәйкессіздігі анықталды («Саратов сүт комбинаты» ЖШҚ өндірген «Добрая буренка» 3,2% ультрапастерленген сүті).
Жануарлардан алынатын сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері бойынша ЕАЭО заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін Ветеринариялық бақылау комитетіне 6 материал берілді.
Сондай-ақ сынақ хаттамасында (СҚО, БҚО, Ақтөбе) тіркелген мемлекеттік тілде таңбалаудың болмауы бөлігінде сәйкессіздіктер бар. Осы фактілер бойынша материалдар өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттың (Сәйкестік туралы декларация) қолданылуын тоқтата тұру үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне берілді. Ұсынылған материалдар мен өнімге ілеспе құжаттардың негізінде Қырғыз және Ресей сүт өнімдеріне тіркелген сәйкестік туралы 8 декларацияның қолданылуы тоқтатылды, бұл тиісінше сүт өнімдерін сатуға уақытша тыйым салуды енгізуге әкеп соғады.
Бірлескен іс-шаралардың нәтижелері ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Ахуалдық штаб отырыстарында талқыланады.