СЭБК жұмыс кеңесі

СЭБК жұмыс кеңесі

Бүгін Н. Сәдуақасовтың төрағалығымен басқармалар мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен Комитеттің жұмыс кеңесі өтті.

Отырыс барысында 2022 жылғы және 2023 жылғы 1 тоқсандағы жаппай улану фактілері бойынша қабылданған шараларды талдау қорытындылары тыңдалды.

Адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан бұзушылықтарды анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмінің диспозициялары бойынша түсініктемелер берілді.

Осы алгоритмге сәйкес жаппай тамақтан улану тіркелген әрбір өңір бойынша лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығы, процестік шешімдерді қабылдау бойынша құқық қорғау органдарына жолданған материалдарды қисынды түрде аяқтау мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге ҚР заңнамасының процестік нормаларын сақтау бойынша хаттамалық тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.