
Бүгін Н.Сәдуақасовтың төрағалығымен Комитет жанындағы «Медицина үздігі – 2023» атағына конкурстық іріктеу өткізу жөніндегі кіші комиссияның отырысы өтті.
Кіші комиссия жұмысына комитет төрағасының орынбасарлары, басқарма басшылары, сондай-ақ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Е.Қиясов қатысты.
Кіші комиссия «Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер», «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» номинациялары бойынша конкурсқа үміткерлердің кандидатураларын қарады.
Кіші комиссия отырысының қорытындысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жолданды.
Ұсынылған номинациялар бойынша конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылы маусым айында Медицина қызметкері күнін мерекелеу шеңберінде өткізіледі.