СЭБК жұмыс кеңесі

СЭБК жұмыс кеңесі

Бүгін Н.Сәдуақасовтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі З.Байғаскинаның, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мен аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен Комитеттің жұмыс кеңесі өтті.

Отырыс барысында бюрократиядан арылту және орталықсыздандыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы түсіндіру нәтижелері тыңдалды, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары қызметкерлерінің әдеп нормаларын бұзуының алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша құрылымдық басқармалар мен аумақтық департаменттерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы сақтау бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.