Абай облысында радиациялық қауіпті объектілерді санитариялық бақылау бойынша семинар өтті

Абай облысында радиациялық қауіпті объектілерді санитариялық бақылау бойынша семинар өтті

2023 жылғы 23 мамырда Семей қаласында Комитеттің қолдауымен Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтің ғылыми-практикалық орталығы өкілінің қатысуымен «Радиациялық қауіпті объектілерді санитариялық бақылаудың өзекті мәселелері және халықтың денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау» атты семинар өткізілді.

Семинар иондаушы сәулелену көздерімен тікелей жұмыс істейтін «А» тобы персоналының, сондай-ақ диагностикалық және терапиялық процедуралардан сәуле алатын пациенттердің медициналық процедуралардан сәулелену дозаларын есепке алу және бақылау мәселелері бойынша білімдерін арттыруға бағытталған.

Семинарға 70 адам – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының мамандары, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының өкілдері және медицина қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында «СЭСжМ ҒПО» филиалының спикері Н. Б. Қожахметов өз баяндамасында иондаушы сәулелену көздерімен тікелей жұмыс істейтін «А» тобы персоналының, сондай-ақ диагностикалық және терапиялық процедуралардан сәуле алатын пациенттердің медициналық процедуралардан сәулелену дозаларын есепке алу мен бақылаудың проблемалық мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ, ол әсіресе халықтың декреттелген бөлігі үшін (жүкті әйелдер, 12 жасқа дейінгі балалар және иммундық жүйесі әлсіреген қарттар) медициналық сәулелену түрлері және негізсіз дозалық жүктемелерді алудың ықтимал қауіптері туралы баяндады.

Семинар соңында медициналық ұйымдардың қызметкерлері арасында иондаушы сәулелену көздерін пайдалана отырып, медициналық процедураларды жүргізу кезінде тұрғындарға сәулеленудің негізсіз дозаларымен әсер етудің алдын алу және болдырмау бойынша санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.